Жыл үздігі

Қаражанова София Русланқызы


Мен, Қаражанова София Русланқызы, Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Петерфельд ауылында тұрамын.

Қазіргі уақытта «Қызылжар Абай орта мектебінің» 8-сыныбында оқимын.

Бала кезімнен спортқа қызығушылығым жоғары. Негізгі айналысатын спорт түрім – футбол. Әртүрлі жарыстарға белсенді қатысып, бірнеше рет жүлделі және бірінші орындарға ие болдым.

Сонымен қатар, еркін күреспен айналысамын. Жаттықтырушым – Байгожин Бахтияр Серікұлы. Еркін күрестен облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болдым.

Мектептің спорттық және қоғамдық өміріне белсенді қатысамын. Мектептегі қыздар спортының тұрақты көшбасшыларының бірімін.

Спорт маған күшті, төзімді, тәртіпті және өзіме сенімді болуды үйретеді. Болашақта спортпен айналысуды жалғастырып, шеберлігімді арттырып, жаңа жетістіктерге жетуді мақсат етемін.



Copyright © 2021 Everest. Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Сайт жобасын дайындаған «ToWeb.kz» компаниясы. Сайтқа тапсырыс беру.