Мен, Мұрат Айша Асхатқызы, 2012 жылы 26 шілдеде Орал қаласында дүниеге келдім. Қазіргі уақытта Орал қаласында тұрамын және 9 «Б» сыныбында білім алып жатырмын.
Бес асық және асық ату спорт түрлерімен 3 жылдан бері айналысып келемін. 2024 жылғы 10–12 ақпан аралығында Бөрлі ауданы, Ақсай қаласында өткен 2011–2013 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы Батыс Қазақстан облысының чемпионатына қатыстым.
Сонымен қатар республикалық және облыстық жарыстарға қатысып, жүлделі орындар мен жеңістерге қол жеткіздім. Спортпен айналысу арқылы шапшаңдық, төзімділік және жауапкершілік қасиеттерімді дамытып келемін.
Анам — Баймуханова Сандуғаш Бауыржанқызы. Әкем — Ситалиев Асхат Муратович.
Болашақта медицина саласын таңдап, білікті медицина маманы болғым келеді. Осы мақсатқа жету үшін сабағымды жақсы оқып, білімімді жетілдіруге тырысамын.
Copyright © 2021 Everest. Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.
Сайт жобасын дайындаған «ToWeb.kz» компаниясы. Сайтқа тапсырыс беру.
