Менің атым – Ердос Данэля. Мен 2010 жылы 29 мамырда дүниеге келдім. Қазіргі таңда Шамалған ауылындағы орта мектептің 10-сыныбында білім алып жүрмін. Отбасымда ортаншы баламын. Кішкентай кезімнен еңбекке жақын, белсенді әрі мақсатшыл болып өстім.
Менің өмірімде спорттың алатын орны ерекше. Төртінші сыныптың басында жүзу спортымен айналыстым. Кейін әкемнің қолдауымен волейболға қадам бастым. Содан бері волейбол менің жай ғана хоббиім емес, өмірімнің маңызды бөлігіне айналды. Бұл спорт маған табандылықты, тәртіпті, жауапкершілікті және командамен бірге бір мақсатқа ұмтылуды үйретті.
Менің ең үлкен арманым – волейболдан атақты спортшы атану, танымал клубтардың сапында өнер көрсету және Қазақстанның атын шығару. Болашақта «Жетісу» секілді танымал клубтарда ойнап, командаммен бірге үлкен жеңістерге жеткім келеді. Осы мақсатыма жету үшін жаттығулардан қалмай, спорттық шеберлігімді шыңдап, түрлі жарыстарға қатысып, тәжірибе жинауға тырысамын. Қазіргі уақытта облыстық жарыстарға дайындалып жүрмін.
Сонымен қатар, өзім қалаған университетке түсіп, сапалы білім алуды мақсат етемін. Мен үшін спорт пен білімді қатар алып жүру өте маңызды.
Менің ойымша, арманға жету үшін еңбек, табандылық және өзіңе деген сенім қажет. Алдымда әлі талай белес пен мүмкіндік бар. Мен өз армандарыма жетіп, ата-анамның үмітін ақтап, елімнің мақтанышына айналғым келеді.
Мен үшін волейбол – жай ғана спорт емес, бұл менің өмірімнің маңызды бөлігі, шабыт беретін күшім және болашағыма бастар жолым.
Copyright © 2021 Everest. Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.
Сайт жобасын дайындаған «ToWeb.kz» компаниясы. Сайтқа тапсырыс беру.
