Жыл үздігі

Бексұлтан Айсултан Бексұлтанұлы


Мен, Бексұлтан Айсултан Бексұлтанұлы, 2012 жылғы 5 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданында дүниеге келдім.

2019 жылы Алматы қаласы, Түрксіб ауданындағы №84 жалпы білім беретін мектептің 1-сыныбына қабылдандым. Осы жылдары Түрксіб ауданындағы «Дом школьников» үйірмесінде домбыра үйірмесіне қатыстым.

2021 жылдың қаңтар айында отбасымызбен Үржар ауданына қоныс аудардық. 2-сыныптан бастап Ақжар ауылында қазақша күрес үйірмесіне қатыса бастадым.

2021 жылы Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған грек-рим күресінен өткен жарыста (2008–2010, 2011–2014 ж.т. жасөспірімдер арасында, 27 кг салмақ дәрежесінде) ІІІ орын иелендім. Сонымен қатар, зияткерлік қабілеттерді дамыту және жас білімпаздарды қолдау мақсатында І дәрежелі дипломмен марапатталдым.

2022 жылы Барқытбел ауылында Мейірбан Серіковтың түсірілім тобы түсірген «Тұнық» атты қысқаметражды фильмде басты рөлді сомдадым.

2025 жылы грек-рим күресінен 41 кг салмақ дәрежесінде І орын иелендім.

Мен грек-рим күресі, футбол және басқа да үйірмелерге белсенді қатысып, өз білімім мен спорттық шеберлігімді үнемі жетілдіріп келемін.

Аудандық мешітте өткен «Азан шақыру» сайысында І орынға ие болдым. Мектепішілік монолог оқу байқауында ІІ орын алдым.

Жалпы білім беретін мектептердің 7–10 сынып оқушылары арасында өткен «Менің Тәуелсіз Қазақстаным» атты мәнерлеп оқу байқауының аудандық кезеңінде жеңімпаз атанып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталдым.

2026 жылы грек-рим күресінен (2009–2010, 2011–2013 ж.т. жасөспірімдер арасында) Абай облысының чемпионатында 44 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орын иелендім.

Болашақта спорт пен білім саласында биік жетістіктерге жетіп, елімнің дамуына өз үлесімді қосуды мақсат етемін.

Copyright © 2021 Everest. Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Сайт жобасын дайындаған «ToWeb.kz» компаниясы. Сайтқа тапсырыс беру.