Ұлағатты ұстаз

Кененбаева Гульбану Сейткожаевна


Кененбаева Гульбану Сейткожаевна

1987 жылы 23 сәуірде Панфилов ауданы, Басқұншы ауылында дүниеге келдім. 1993 жылы Крылов атындағы орта мектептің табалдырығын аттап, 2002 жылы 9-сыныпты ойдағыдай аяқтап, Жаркент педагогикалық колледжінің Бастауыш сынып және психология факультетіне оқуға түстім. 2006 жылы аяқтап Қорғас орта мектебіне бастауыш сынып мұғалімі болып жұмысқа орналастым. Сол жылы Қыздар мемлекеттік педагогикалық институтына Педагогика-психология факультетіне білімімді шыңдау үшін оқуға түсіп, 2010 жылы ойдағыдай тәмамдап шықтым. Қорғас орта мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына дейін көтеріліп жұмыс атқардым. 2016 жылы "Крылов атындағы орта мектеп" КММ бастауыш сынып мұғалімі қызметіне ауыстым. Бала тәрбиесіне өз үлесімді қосу білімімді шыңдау мақсатында 2019 жылы Шымкент қаласындағы Аймақтық әлеуметтік иновациялық университетінің бастауыш сыныпты оқыту мамандарын тәмамдап, Крылов атындағы орта мектепте қазіргі таңда жұмыс жасаудамын. Қазіргі таңда педагог-сарапшымын. Осы еңбек жолымда көптеген наградалармен марапатталдым. "Бақытты елдің ұрпағы"қоғамдық қорынан құрмет грамотасы, "Тәуелсіз елім – тірегім" республикалық байқауынан құрмет грамотасы, аудандық кәсіподақ ұйымынан құрмет грамотасын, "Жылдың үздік педагогі " атты республикалық байқауының І орын және "Білім беру ісінің үздік педагогі" төсбелгісімен, І Республикалық "Оян, қазақ!" М.Дулатов оқуларынан құрмет грамотасы және "Білім беру саласының үздігі" төсбелгісімен марапатталдым. Бұдан да басқа көптеген наградаларым бар. Шәкірттерім де көптеген аудандық, Республикалық, Халықаралық байқауларға қатысып жүлделі орындарды иеленіп жүр. 2008 жылы Қаргамбеков Қуанышпен отбасын құрып қазіргі таңда 5 қыз, 1 ұл тәрбиелеп отырмыз. "КҮМІС АЛҚА" иегерімін, балаларыммен тату-тәтті өмір сүрудемін. Алда әлі талай шәкірттерді тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатып, еліміздің болашағы үшін адал қызмет ететін ұл қыздарды қанаттандырамын деген ойдамын.

Copyright © 2021 Everest. Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Сайт жобасын дайындаған «ToWeb.kz» компаниясы. Сайтқа тапсырыс беру.