Ұлағатты ұстаз

Курманбаева Жулдыз Аманжоловна

 

Курманбаева Жулдыз Аманжоловна


1988 жылы 15 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Көкжыра ауылында дүниеге келдім. Ана тілім – қазақ тілі, орыс тілінде еркін сөйлеймін, ағылшын тілін сөздікпен білемін. 1994 жылы Зайсан қаласының М.Әуезов орта мектебіне 1-сыныпқа бардым. 2005 жылы аталмыш мектепті бітірдім. 2005 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтын «Физика-математика» факультетінің «Математика» мамандығына оқуға түстім. 2009 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтын бітірдім. 2009 жылы 1 қыркүйегінен бастап Семей қаласының №23 жалпы орта білім беретін мектебіне математика пәнінің мұғалімі болып қабылдандым. 2012 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Жарма ауданы К.Шакенов атындағы орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі болып жұмысқа қабылдандым. 2015-2016 жылдары Семей қаласының сервис колледжінде әдіскер қызметінде жұмыс атқардым. 2016-2017 оқу жылы Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде «Математика және МОӘ» кафедрасында оқытушы болдым. 2017 жылдың 4 қарашасынан бастап Семей қаласының «Дарынды балаларға арналған Ш.Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатында» математика пәнінің мұғалімі ретінде жұмыс жасаймын. Біліктілік санатым – педагог-сарапшы.

Copyright © 2021 Everest. Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Сайт жобасын дайындаған «ToWeb.kz» компаниясы. Сайтқа тапсырыс беру.