Ұлағатты ұстаз

Дузкеева Еркеназым Тлегеновна

Дузкеева Еркеназым Тлегеновна

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, №5 Қандыағаш қалалық ЖББ ОМ-нің  екінші санаттағы директордың дарынды оқушылармен жұмыс жөніндегі орынбасары, тарих пәнінің мұғалімі.  Білімі – жоғары. Педагог-зерттеуші.

    Ұстаздық еткен жылдар ішінде өзін тәжірибелі маман ретінде жан-жақты таныта білді. Аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық мәдени-көпшілік  іс-шараларға белсене араласа отырып, тәжірибесімен бөлісіп келеді. Оқушылары олимпиадаға, түрлі шығармашылық конкурстарға катысып, жүлделі орындар иеленуде.

      Білім беру ісінде Құрмет грамотасымен, Мақтау қағазымен, Алғыс хаттармен марапатталып, шипажайға емделіп демалуға жолдама алған.

     «Реформалар дәуірі», «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы», «Была ли рассказана вся правда об истории Абулхаир хана?», «Методика использования ОДО на уроках», «Мектеп менеджменті: тиімді басқару және сапалы білім беру»  мақалалары жарық көрді. «Партиоизмге тәрбиелеу – бейбітшілік пен ұлттар достығын сақтаудың негізі», «Қазақстан тарихы пәнінен танымдық тапсырмалар жинағы» атты электрондық орта мен «Дарынды оқушылардың қабілеттерін дамыту», «Сборник дидактических материалов по истории Казахстана» әдістемелік құралдарлың авторы.

Жетістіктері:                                                     

– Республикалық білім порталына әдістемелік материал және сабақ жоспарларын жариялап, Республика көлемінде жаңа ақпараттық технология арқылы әдістемелік тәжірибе алмасып, белсенділік танытқаны үшін Құрмет грамотасымен марапатталды;

– «Педагогикалық жетістік» атты Республикалық педагогикалық байқауының І орын иегері;

– І Республикалық «Білікті педагог» олимпиадасының ІІІ орын иегері;

– Қазақстан интеллектуалдық олимпиадаларына өз үлесін қосқан үшін Алғыс хат;

– «Дарындылықты педагогикалық қолдау: жаңалықтар, мәселелер, жетістіктер» атты зерттеу жобасының жеңімпазы ІІІ орын;

– Ақтөбе облысының білім беру саласындағы тынымсыз шығармашылық еңбегі және өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі қол жеткізген табыстары үшін облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды;

– Қазақстан тарихы мұғалімдерінің республикалық олимпиадасының ІІІ орын иегері;

– Қоғам мен ұрпақ алдындағы парасатты еңбегі мен білім саласындағы мүлтіксіз атқарған қызметі үшін BILGEN ұлттық авторлық методика және бағалау орталығының Құрмет грамотасы;

– Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Туған жер өз батырларын есте сақтайды» видео презентация байқауы  Алғыс хат;

– Ұлттық Bilgen олимпиадасына белсенді үлес қосқаны үшін ДИПЛОМ;

– «Оқушылардың танымдық қажеттілігін қанағаттандыруда саралап оқытудың тиімділігі» тақырыбындағы облыстық семинар-практикумға белсенді қатысып, іс-тәжірибелерімен бөліскені үшін Алғыс хат;

– «Үздік педагогикалық мақала» республикалық конкурсының «Үздік сабақ жоспары» номинациясы бойынша І орын;

– Дарынды балалар мен жасөспірімдер арасындағы халықаралық «Көктем шуағы» байқауына қолдау көрсеткені үшін Диплом;

– «Жаңартылған білім беру мазмұны – ұстаз қабілетінің жаңғыру айнасы» тақырыбындағы облыстық шығармашылық байқауда І орын.

– «Ғылыми жұмыс методологиясын игеру-инновацияға жетудің бір бағыты» тақырыбындағы облыстық ғылыми жоба байқауына қатысып, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда жаңа ізденістер мен әдістерді тиімді қолданып, оқушылардың ғылыми-зерттеу дағдысын қалыптастыруға өз үлесін қосқаны үшін ІІ дәрежелі диплом;

– Республикалық «Таланттар әлемі» байқауы Құрмет грамотасы;

– Халықаралық «Пони» интеллектуалдық байқауы алғыс хат;

– Республикалық «Білім педагогикалық шығармашылық орталығы» Алғыс хат,

– «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Ақтөбе облысы бойынша кәсіби даму институтының Алғыс хатымен марапатталды.

– Республикалық «Жаңа Қазақстан» дарынды жастарды қолдау ұйымының Құрмет грамотасының иегері;

– «Шәкірт ойы» республикалық балалар журналының Алғыс хатымен марапатталған;

– Халықаралық «Өрлеу-өркендеу» ғылыми-ақпараттық, танымдық-тәрбиелік журналының ұйымдастыруымен өткізілген «Жаңашыл ұстаз» атты білім саласы қызметкерлеріне арналған байқауда І орын иеленді;

– Республикалық «Мәңгілік ел ұстаздары» байқауында І орын;

– Республикалық «Педагогика менің таңдауым» байқауы І орын;

– Республикалық «Парасатты педагог»  байқау І орын;

– Халықаралық «Үздік педагог» байқау І орын;

– «Ақтөбе-Дарын» Өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының Алғыс хатымен марапатталды;

– Қазақстандық оқу ағарту, ғылым және жоғарғы білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Құрмет грамотасымен марапатталды.

– «Бастау» оқу-ағартуды қолдау қоғамдық қорының дипломымен марапатталды.

Copyright © 2021 Everest. Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Сайт жобасын дайындаған «ToWeb.kz» компаниясы. Сайтқа тапсырыс беру.