«Айналайын» балалар хоры туралы мәлімет:
Бастауын 1999 жылы 15 ақпанда Қостанай қаласынан алған "Айналайын" балалар хоры қазақ тіліндегі жаңа авторлық әндерді жарыққа шығарып, оларды насихаттайтын еліміздегі бірегей өнерлі топ. №2 өнер мектебіне қарасты "Айналайын" балалар хоры Республикамызда өтетін маңызды мемлекеттік ресми және мәдени іс-шаралардың өтуіне атсалысып жүрген беделді топ. "Айналайын" балалар хоры қазақ тіліндегі балаларға арналған авторлық әндердің тұңғыш орындаушысы ретінде жас жеткіншектерге үлгі болып келеді. Көптеген балаларға арналаған жаңа әндер осы топтың арқасында танымал болып, қазіргі танда Қазақстанның барлық аймақтарында орындалып жатыр. Айналайынның орындауындағы әндер композиторлар арасында өтетін ән байқауларында жүлделі орындарды иеленіп жүр.
Көркемдік жетекшісі: «Ы.Алтынсарин атындағы», «ҚР Мәдениет саласының үздіг»і, «Адал тұлға» төс белгілеріннің иегері, Астана қаласы әкімдігінің Ермек Серкебаев атындағы №3 Балалр музыка мектебінің директоры Жангелді Гүлмира Жангелдіқызы.
«Айналайын» балалар хорының басты жетістіктері:
2005 ж. Жастар сарайының сахнасында «Айналайын» атты нота кітабы мен СD-дискісін тұсау кесер рәсімі және Есеп беру концерті өтті.
2007 ж. «Айналайын» ән ансамбілінің балалары Елбасының қатысуымен өткен «Президенттік шырша» мерекесіне қатысты.
2008ж. «Жыл басы кім болады?» атты балаларға арналған алғашқы мюзикл «Айгөлек» бағдарламасында түсірілді.
№2 өнер мектебінің «Айналайын» тобының алғашқы үлкен жетістіктігінің бірі 2011ж. қаңтар айында «Айналайын» балалар хоры VІІ Қысқы Азиада ойындарының ашылу салтанатын Ұлықбек Есдәулеттің сөзіне жазылған Игорь Крутойдың «Көк байрақ» әнімен ашты.
2011жылдың 17-27 сәуір аралығында «Айналайын» Түрқияның Ақхисар қаласында өткен 50-ші Халықаралық фестивальге қатысып, лауреат атанып үлкен абыроймен елімізге оралды.
2012ж. «Астана – Арена» спорт кешенінде өткен Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтойына арналған үлкен іс-шарада Нұржамал Үсенбаевамен, Батырхан Шүкеновпен бірге ән шырқады.
2012ж. Астана күніне арналған Игорь Крутойдың музыкасына жазылған Илья Авербухтың «Мұз айдыныңдағы шоу» концертінде «Айналайын» балалар хоры ән салды.
2012ж.Түркия мемлекетінде өткен «АRT OLYМPIA» байқауында 6 мемлекет арасында І орынды жеңіп алды!
2014ж. Конгресс-Холл сахнасында «Шырқаймыз сен деп, Астана!» атты «Айналайын» балалар хорының 15 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық концерті өтті.
2015ж. мамыр айында "Айналайын" балалар хорының ең кішкентай 5-6-7 жастағы балалары Түркияның Кемер қаласында өткен "IAF" халықаралық байқауға қатысып, бір бала - ІІІорын, бір бала - І орын, бір бала - Бас жүлде жеңіп алды.
2015 жылдың қыркүйек айында Испания мемлекетінің Ллорет де Мар қаласында өткен халықаралық «Fiestalonia – Mediterranean Legends» байқауында 6 мемлекет арасында «Айналайын» жүлделі ІІ орынға ие болды.
2016ж. - мамыр айында "Атадан мұра" қоры ұйымдастырумен өткен Республикалық байқауында "Айналайын" балалар хорының әншілері
Бас жүлде және І орын жеңіп алды.
2016ж."Айналайын" балалар хоры орындайтын "Қазақтан-Отаным менің" (муз.Қайрат Баекенов, сөзі Күлтай Жармұхамбетова), "Туған өлкем" (муз.Евгений Дога, сөзі Күлтай Жармұхамбетова) әндеріне екі бейнеклип түсіріліп, «Балапан» арнасында көрсетілді.
2017ж. сәуір ҚР Президенті қатысумен өткен "ҚР Мемлекттік күзет қызметі құрылғанына" арналған концертіне "Айналайын" балалар хоры Президент оркестрінің сүйемелдеуімен "Ағажанай" және "Астана" әндерін жанды дауыста шырқап, Елбасының ризашылығын және батасын алған.
2017 ж."Айналайын" балалар хоры орындайтын "Көк байрақ"(И.Крутой, Ұ.Есдаулет) және "Тентек қыз" (Ж.Сейдоллаұлы,) әндеріне екі бейнеклип түсіріліп, «Балапан» арнасында көрсетілді.
2018 жылдың 16-26 маусым аралығында Испания мемлекетінің Ллорет де Мар қаласында ұйымдастырылған халықаралық «Fiestalonia – Mediterranean Legends» байқауында 7 мемлекет арасында «Айналайын» жүлделі І орынға ие болды.
2019 ж. 23 қаңтар күні Елбасы қатысумен өткен Жастар жылын жариялау салтанатында "Айналайын" балалары Қазақстан эстрада жұлдыздарымен бірге "Елім менің" (Н.Назарбаев, Б.Тілеуханов) әнін шырқады.
"Айналайын" балалар хорына арнайы жазылған әндер қазақ радиосының алтын қорына еніп, радиода орындалып жүр.
2019 ж. 19 мамыр күні – «Астана» концерт зал сахнасында «Абыройы асқақ Айналайын!» атты «Айналайын» балалар хорының 20 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық концерті өтті.
2020ж. – карантин уақытында Айналайын балалары онлайн форматта челендждерге және онлайн іс-шараларға үнемі қатысып, жаңа әндерді насихаттау жұмыстарын үзбей жүргізді.
2021 ж. маусым айында - «Ұстазым» (Ұ.Жолдасов, Р.Зайытов) және «Қазақ елі –достықтың мекені» (Ә.Әбдінұров, Е.Сейдахмет, Ж.Айдынбекова) әндеріне екі бейнеклип түсіріліп, «Балапан» арнасында көрсетілді.
20.10.2021ж. «Астана» концерт залы сахнасында өткен М.Мақатаевтің 90 жылдығына арналған концертінде «Айналайын» балалар хоры М.Мақатаевтің сөзіне жазылған Кентау Назарбектің «Оралыңдар» әнің орындады.
17.11.2021 ж. Оқушылар сарайында өткен Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында білім саласы өкілдерінің «Елорданың білім белестері – Тәуелсіз Қазақстан келешегі» атты қалалық форумда «Айналайын» балалар хоры өнер көрсетті.
2021ж. қараша айында «Айналайын» балалар хоры «Туған ел» (Н.Тілендиев, Т.Молдағалиев ) әніне бейнеролик түсіріп, 7 ТВ арнадан көрсетілді.
2021ж. 10 желтоқсан күні Әлеуметтік маңызы бар мамандықтар өкілдеріне құрмет көрсету мақсатында «Алтын жүректі жандар» мүсіншесін табыстау рәсімінде «Славян базары» халықаралық байқауының жеңімпазы Рухия Байдукеновамен бірге «Айналайын» балалар хоры ән шырқады.
2021 ж.- «Қазақтың 100 әні» І республикалық байқауында «Айналайын» балалар хоры І орын жеңіп алды.
2022 ж. 12 қыркүйек күні «Айналайын» балалар хоры Қазақстан ұлттық арнасында «Өмір көркем» бағдарламасында тікелей эфирде өнер көрсетті.
2022ж. 15 қазан күні «Айналайын» балалар хоры Республика күніне арналған бейнероликке Алтынай Жорабаевамен түсті. Ол ролик мереке күндері Қазақстан ТВ арнадан жарияланды.
2022 ж. 19 желтоқсан күні Астана қаласы әкімі Ж.Қасымбек қатысуымен өткен Елордамыздағы Бас шырша жағу рәсіміне, 26 желтоқсан күні Президент шыршасына «Айналайын» балалар хоры қатысып, өз өнерлерін көрсетіп, көрермен ықыласына бөленді.
2022 ж. 30 желтоқсан күні «Айналайын» балалар хоры Хабар агентігінің «Оян!» бағдарламасының қонағы болып «Жыл әні» (Ж.Батай, Б.Махабыл) әнін жанды дауыста шырқады.
2023 ж. 17 ақпан Қыдырали Болманов пен Қарақат Әбілдина жүргізетін «Жақсы адамдарым» бағдарламасында «Айналайын» балалар хоры «Қазақ елі-достықтың мекені» (Ә.Әбдінұров, Е.Сейдахмет, Ж.Айдынбекова) әнін орындады.
2023ж. 6 наурыз күні «Бейбітшілік және келісім» сарайында өткен концертінде «Айналайын» балалар хоры «Ана туралы жыр» әнін оркестр сүйемелдеуімен жанды дауыста орындап, сахнаға шықты. Бұл концертке еліміздің Президенті көрермен ретінде қатысты.
2023ж. 8 наурыз күні Қазақстан ОКЗ сахнасында Ұлықпан Жолдасовтың шығармашылығына 40жыл толуына орай «Сіздер үшін, арулар!» мерекелік ән кешінде «Айналайын» балалар хоры автордың «Ұстазым» әнін орындап, көрермен ықыласына бөленді.
2023 ж. 14 сәуір №2 өнер мектебінің Есеп беру концертінде «Айналайын» балалар хоры Маржан Арапбаевамен бірге «Сен-мықтысың!» және «Қазақ елі осныдай!» әндерін орындады.
2023 ж. 4 мамыр Мақпал Жұмабайдың «Ертең» атты концептуалдық концертінде «Айналайын» балалар хоры Мақпал Жұмабай бірге және «Мақпалшер» бэнд-тобының сүйемелдеуімен автордың «Қолынды бер», «Дауыс», «Ертең» шығармаларын орындады.
2023 ж. 9 мамыр күні «Айналайын» балалар хоры Хабар агентігінің «Оян!» бағдарламасының қонағы болып, «Болмасын соғыс, болмасын!» (Қ.Едресов, Т.Ғұмаров) әнін орындады.
2023 ж. 12 мамыр күні - «Қазақтың 100 әні” Кентау Назарбектің шығармашылығына арналған ІII Республикалық байқауында «Айналайын» балалар хоры тағы да І орын иеленді.
2023 ж. 21 мамыр – Майра Ілисованың «Жұлдыз болғың келсе» жобасында «Айналайын» балалар хоры Ардақ Балажановамен «Желсіз түнде жарық ай» және Маржан Арапбаевамен «Сен-мықтысың!» әндерін бірге сахнаға шығып бірге орындады.
2023ж. 1 маусым - «Айналайын» балалар хоры Қазақстан ұлттық арнасы «Таңшолпан» бағдарламасының қонағы болып, «Әрқашан күн сөнбесін!» әнін орындады.
2023ж. 7 маусым- «Айналайын» балалар хоры композитор Кентау Назарбектің шығармашылық кешінде «Оралыңдар» әнімен сахнаға шықты.
2023ж. 24 тамыз - «Айналайын» балалар хоры Тамыз кеңесінде «Ұстаздың ғана қолында» әнімен өнер көрсетті.Жет:Г.Жангелді
2023ж. 29 тамыз - Республикалық Оңалту орталығында 2 өнер мектебі ұжымы және Айналайын хоры қайырымдылық концертін берді.
2023ж. 1 қыркүйек – «Айналайын» хоры таңғы хабар «Таңшолпан» бағдарламасына барып, «Ұстаздың ғана қолында» әнімен өнер көрсетті.
2023ж. 28 қыркүйек - «Жақсы адамдарым» бағдарламасында «Айналайын» хоры Қанат пен Света Айтпаевтармен бірге өнер көрсетіп, түсірілімге түсті.
2023ж. 24 қазан - «Айналайын» хоры «1001» түн бағдарламасында қонақ болып, өнер көрсетті.
2023ж. 17 қараша - «Білім инновация» халықаралық Қоғамдық қорының 30 жылдық мерей тойы аясында өткен гала-концертке «Айналайын» хоры қатысып,өз өнерлерін көрсетті.
2023ж. 18 қараша - Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан эстрадасының әншісі Еркеш Хасеннің жеке шығармашылық концертіне «Айналайын» хоры қатысып, өнер көрсетті.
2023ж. 25 қараша - ҚҰӨУ-де комозиторлар Серікжан және Әліби Әбдінұровтың хорға арналған шығармалардан концерті өтті. Оған «Айналайын» хоры қатысып, өнер көрсетті.
2023ж. 10 желтоқсан - «Елімнің жүрегі-Астана» атты қалалық концертке «Айналайын» хоры қатысып, өнер көрсетті.
2023ж. 15 желтоқсан күні Хабар арнасындағы «Оян» бағдарламасына «Айналайын» хоры қонақта болды. «Туған ел» әнін орындады.
2024ж. 19 ақпан күні «Айналайын» балалар хоры Қазақстан ұлттық арнасында «Таңшолпан» бағдарламасында тікелей эфирде өнер көрсетті.
2024ж. 21 ақпан күні «Айналайын» балалар хоры Қазақстан ұлттық арнасында «Егіз-лебіз» бағдарламасында қонақта болып, сахнаға Ерке Хасенмен шықты.
2024ж. 28 ақпан күні «Айналайын» балалар хоры республикалық челленджге қатысты. Қ.Едіресовтің «Ұстаздардың ұстазы- Ыбырай ата» әнін орындады.
2024ж. 14 наурыз “Жарқын жүздесу” бағдарламасына Қанат пен Света Айтпаевтар шақырылған, “Елге тілек” әнің “Айналайынмен” бірге орындады.
2024ж. 16 сәуір күні Хабар арнасындағы «Оян» бағдарламасына «Айналайын» хоры шақырылып, хордың 25 жылдығына арналаған концерті туралы жетекшісі мен ұжымның жас әншілері сұқбат берді.
2024ж.05 мамыр күні - «Айналайын» балалар хоры Е.Рахмадиев атындағы филармония сахнасында 25 жылдық мерейтойына арналған үлкен есеп беру концертін өткізді. Хабар арнасы түсіріп, оны 1 маусым күні ТВдан жариялады.
2024 ж. қыркүйек – Дүниежүзілік Көшпенділер ойындар ашылу салтанатында «Айналайын» балалар хоры елімзідің Әнұраның орындады.
2024ж. желтоқсан Е.Рахмадиев атындағы филармония сахнасында өткен Жаңажылдық концертінде кәсіби мамандармен қатар Хор өз өнерін көрсетті.
2025ж. наурыз – «Айналайын» балалар хоры «Таңшолпан» бағдарламасында Кентау Назарбектің «Наурыз-жыл басы» әнімен қонақта болды.
2025ж. сәуір айы – Жеңістің 85 жылдығына орай «Болмасын соғыс, болмасын!» (Қ.Едресов, Т.Ғұмаров) әніне бейнеролик түсіріліп, әлеуметтік желілерде жарияланды.
2025 ж. мамыр – «Ән шуақ» фестивалінің ашылу салтанатында «Айналайын» балалар хоры арнайы шығарылған «Ән шуақ» әнің орындады.
2025ж. - «Айналайын» балалар хоры Ермек Серкебаев атындағы вокалды-хор байқауында І орын иеленді.
2025ж. тамыз – Қазақстан ұлттық арнасы және Астана қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен «Әділет тірегі-Ата заң» концертінде «Айналайын» балалар хоры «Бақыт деген..»(Б.Жұмалин, М.Мақатаев) әнің орындады.
2025ж. қыркүйек – республикалық Ұстаздар күніне арнлаған іс-шарада Азамат Досмахан сөзіне жазылған Ұлықпан Жолдасовтің «Ұстазым» әнін орындады.
2025ж. қазан - Республика күніне орай Мемлекеттік рәміздер алаңында ауқымды флешмобта “Айналайын” балалар хоры және 1500-ден астам елордалық мектеп оқушылары қазақтың ұлы композиторы Ескендір Хасанғалиевтің “Атамекен” әнін орындап, ел бірлігі мен патриотизмнің айқын үлгісін көрсетті
2025ж. желтоқсан – Білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында өткен Қазақстан республикасынынң Тәуелсіздік күніне арналған ХХІ қалалық «Отаным деп, шырқаймын» атты патриоттық әндер байқауында І орын иеленді.
2026ж. 1 қаңтар – ҚР Президентінің құттықтауынан кейін жылдың алғашқы сәттерінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранды «Айналайын» балалар хоры орындады.
Copyright © 2021 Everest. Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.
Сайт жобасын дайындаған «ToWeb.kz» компаниясы. Сайтқа тапсырыс беру.
