Ұлағатты ұстаз

Тукенов Жумабек Билялович


Мен Тукенов Жумабек Билялович 26.02.1966 күні Қарағанды облысы, Жаңа Арқа ауданы, Рассвет ауылында дүниеге келгенмін. Сол ауылда 1973ж. мектеп табалдырығын аттап 1983ж. Ынталы орта мектебін аяқтадым. 1984ж. Жезқазған қаласындағы Педагогикалық институтының Көркем сурет факультетіне түсіп 1989ж. аяқтадым. 1989ж. Қостанай облысының Пресногорьковская станциясында №101 мектебінде екі жыл ұстаздық болып сурет және еңбек пәндерінен сабақ бердім. 1991ж. Қарағанды қаласындағы Нығмет Нұмақов атындағы мектеп интернатта тәрбиеші және сурет пәнінен сабақ бердім. 1994ж. денсаулығыма байланысты Қарағанды қаласындағы Макажанов атындағы Аурухананың травмотологияға түскен болатынмын. Мен негізі 3 топтағы бала кезден мүмкіндігі шектеулі адамдардың категориясындамын. Сәтсіз отадан кейін үйде жұмыссыз отырып қалған болатынмын. 2016ж. Жәйрем кентіндегі Жәйремде ЖГОК-те суретші оформитель болып жұмыс істеген болатынмын. 2018ж. Ұлытау облысы, Жезқазған қаласындағы Балалар жасөпірімдер шығармашылық орталығында сурет және кескіндеме бойынша Студияда жұмыс жасаймын.

Copyright © 2021 Everest. Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Сайт жобасын дайындаған «ToWeb.kz» компаниясы. Сайтқа тапсырыс беру.