Ұлағатты ұстаз

Елеуова Айгерим Тенизбаевна


Елеуова Айгерим Тенизбаевна – Ақмола облысы, Аршалы ауданы, И.Құтпанұлы атындағы Жібек жолы кентінің жалпы орта білім беретін мектебінде директордың бейіндік ісі бойынша орынбасары, информатика пәні мұғалімі. Педагог-зерттеуші, педагогика ғылымдарының магистрі.

Айгерим Тенизбаевна еңбек жолында өзін білікті, жаңашыл әрі жауапты педагог ретінде танытып келеді. Ол білім беру үдерісінде заманауи педагогикалық технологияларды тиімді қолданып, оқушылардың цифрлық сауаттылығын дамытуға және сапалы білім алуына жағдай жасауда. Басшылық қызметінде мектептің бейіндік оқыту жүйесін жетілдіріп, педагогтердің кәсіби дамуына бағыт-бағдар беріп келеді.

Педагогтың кәсіби жетістіктері жоғары деңгейде бағаланған. Атап айтқанда, ол:

  • «Педагогикалық идеялар фестивалі » республикалық конкурсының жеңімпазы;
  • «Үздік қысқа мерзімді жоспар» облыстық байқауының жеңімпазы;
  • «Мұғалім Amanat» республикалық конкурсының аудандық кезеңінің жеңімпазы;
  • Пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларының жүлдегер оқушыларын дайындаған жетекші;
  • Қалалық және аудандық семинарларда спикер әрі ұйымдастырушы ретінде алғыс хаттармен марапатталған;
  • «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтының алғыс хат иегері;
  • Білім басқармасы құрмет грамотасымен, қала әкімінің алғыс хатымен марапатталған.
  • Білім беру үдерісіне енгізілген авторлық әдістемелік құрал мен элективті курс бағдарламасының авторы

Елеуова Айгерим Тенизбаевна – кәсіби шеберлігі жоғары, жаңашыл көзқарастағы, білім беру саласының дамуына елеулі үлес қосып жүрген білікті ұстаз.

 

Copyright © 2021 Everest. Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Сайт жобасын дайындаған «ToWeb.kz» компаниясы. Сайтқа тапсырыс беру.