Еңбек жолын 2002 жылы Алматы облысы, Ескелді ауданының Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімінен бастаған.
2006-2011 жылдары Алматы облысы Ескелді ауданының БЖСМ –де грек-рим күресінен жаттықтырушы-оқытушы болды.
2011-2014 жылдары аралығында Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының олимпиядалық спорт түрлері және спорттық резервтер бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.
2014-2018 жылдары Талдықорған қаласының А.Кивилев атындағы велоспорттан ОРМБЖМ-нің директоры лауазымында қызмет етті.
2018-2022 жылдың ақпан айынан бастап жаңадан құрылған Талдықорған қаласының №2 БЖСМ-нің директоры қызметін атқарады.
2022 жылдың сәуір айынан бастап «Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ескелді ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін атқарады.
А. Кивилев атындағы велоспорттан ОРМБЖ-де басшылық еткен жылдары мектеп велошабандоздары республикалық, халықаралық жарыстарда, Қазақстан Республикасының және Азия чемпионаттарында жеңімпаз атанды.
Талдықорған қаласының №2 БЖСМ-інде басшылық қызмет атқару барысында жеткіншек ұрпақты салауатты өмір салтын ұстануға, бұқааралық спортты дамытуға және спортта дарынды балаларды анықтауға үлес қосып Алматы облысында дене шынықтырумен спортты дамытуға еңбек етіп келеді. Нәтижесінде БЖСМ спортшылары облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарда топ жарып, жүлделі орындар иеленуде.
Аталған еңбегі ескеріліп 2017 жылы Алматы облысы әкімінің алғыс хатымен, 2019 жылы «Нұр Отан» партиясы Талдықорған қалалық филиалының алғыс хатымен және 2020 жылы Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының алғыс хатымен марапатталды.2021 жылы Талдықорған қаласының әкімінің алғыс хатымен марапатталды.2022 жылы Қазақстан Республикасының президентінің алғыс хатымен,«Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ-нің алғыс хатымен және Ескелді ауданының Бұқаралық іс-шараларды өткізу орталығының алғыс хатымен марапатталды.2023 жылы «Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ-нің алғыс хатымен,Аманат партиясының Жетісу облыстық филиалының төрағасының алғыс хатымен және Ескелді ауданы әкімінің алғыс хатымен марапатталды.2024 жылы «Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ-нің алғыс хатымен,Ескелді ауданының Аманат партиясының филиалының алғыс хатымен және Ескелді ауданы әкімінің алғыс хатымен марапатталды.2025 жылы Ескелді ауданының Аманат партиясының филиалының алғыс хатымен және төс белгісімен,Ескелді ауданы әкімінің алғыс хатымен және Жетісу облысының қазақ күресі федерациясының төсбелгісімен марапатталды.2026 жылы Қол Күрес Федерациясының төсбелгісімен марапатталды.
Қазақ күресінен спорт шеберіне үміткер,екінші санатты жаттықтырушы.Спорт мектептерінде басшылық атқарған жылдары мектеп спортшылары Қазақстан Республикасы чемпионаттарында,Кубоктарының,ҚР Спартакиадасының және Азия чемпионаттарымен Кубоктарының жеңімпаздары атанды.
Спорттағы жетістіктері:
Copyright © 2021 Everest. Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.
Сайт жобасын дайындаған «ToWeb.kz» компаниясы. Сайтқа тапсырыс беру.
