Ұлағатты ұстаз

Сагындыков Еркебулан Серикбосынович


Сагындыков  Еркебулан   Серикбосыновичтың  өмірбаяны,

еңбек жолы және жетістіктері

 

     Сагындыков   Еркебулан  Серикбосынович 1983 жылғы 9 сәуірде Семей облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында дүниеге келген.

    Еркебулан Серикбосынович 2003 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Дене шынықтыру пәнінің оқытушысы және спорт бойынша жаттықтырушы» мамандығы бойынша бітірген. 2016 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Тарих» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2003 жылы Абай атындағы көпсалалы кешенді мектеп-лицейінің спорт бөлімінде жаттықтырушы қызметінен бастаған.

2004–2005 жылдары Алматы қаласындағы №7552 әскери бөлімінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарында әскери қызмет атқарған.

2005–2007 жылдары аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы, 2007–2009 жылдары Абай балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде оқу ісінің меңгерушісі және жаттықтырушы қызметтерін атқарған.

Спорт мектебіндегі еңбек жолы барысында көптеген талантты спортшыларды даярлап, олардың облыстық, республикалық және Азия деңгейіндегі жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне ықпал етті. Оның кәсіби білімі, мол тәжірибесі мен педагогикалық шеберлігінің арқасында шәкірттері жоғары спорттық нәтижелер көрсетіп, облыс пен Қазақстан Республикасының намысын түрлі деңгейдегі жарыстарда абыроймен қорғады.

Ұстаздық еңбегі өз жемісін беріп, оның кәсіби қызметі, мақсаткерлігі мен спортқа деген адалдығы спорт қозғалысының дамуына және спортшылардың жаңа буынын тәрбиелеуге елеулі үлес қосты.

Шәкірттерінің арасынан Руслан Жарқынбаевты - самбодан Азия чемпионын, Қуандық Құсайынды - «Жас барыс» республикалық турнирінің жеңімпазын, Сұңғат Құмаровты - қазақ күресінен Қазақстан Республикасының чемпионы, республикалық және халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы, әрі жүлдегерін ерекше атап өтуге болады.

2012–2013 жылдары Абай ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы, 2013–2015 жылдары Абай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы, сондай-ақ Абай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.

2022-2025 жылдары аралығында «Абай облысы Абай ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметін атқарды.

2025 жылдан бастап Абай облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Абай ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметін атқарып келеді.

Еңбек жолы жылдарында Еркебулан Серикбосынович өзін жауапкершілігі жоғары, бастамашыл, білікті және ұйымдастырушылық қабілеті мол, өз ісіне адал маман ретінде таныта білді. Кәсіби қызметінде бұқаралық спортты дамытуға және насихаттауға белсенді атсалысып, ұлттық спорт түрлерін дамыту мен дәріптеуге ерекше көңіл бөліп келеді.

Кәсіби біліктілігі, жұмысына жауапкершілікпен қарауы және ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында әріптестері, спортшылары мен шәкірттері арасында зор құрметке ие. Адалдығымен, еңбекқорлығымен, табандылығымен, принципшілдігімен және жоғары моральдық-адамгершілік қасиеттерімен ерекшеленеді.

Өз қызметінде өскелең ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелеуге, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрлерді насихаттауға ерекше көңіл бөледі. Спорт қозғалысын дамытуға және өнегелі, білімді әрі отансүйгіш жас ұрпақты тәрбиелеуге елеулі үлес қосып келеді.

Абай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімін басқарған кезеңде аудан спортшылары республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Аудан спортшылары Айбек Нұғымаров пен Мұхит Тұрсынов қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің жеңімпаздары атанса, Айдос Сейпілұлы мен Қуаныш Искаков әлем чемпиондары атанды.

Абай ауданының құрама командасы жыл сайын өтетін халықтық спорт ойындары мен мемлекеттік қызметшілер арасындағы спартакиадаларға белсенді қатысып, тұрақты түрде жүлделі орындарға ие болып, түрлі деңгейдегі жарыстарда ауданның абыройын асқақтатып келеді.

Еркебулан Серикбосынович – мақсатшыл, әрі бастамашыл басшы, жұмысты тиімді ұйымдастырып, қолға алған ісін нәтижелі аяқтай білетін білікті маман. Оның басшылығымен Абай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі спорт саласын дамыту бағытында елеулі жетістіктерге қол жеткізді.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған 2017 жылғы республикалық конкурс қорытындысы бойынша Абай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі Қазақстан Республикасы бойынша үздік спорт бөлімі деп танылды.

Бұл жетістік Еркебулан Серикбосыновичтың тиімді басшылығының, жоғары кәсіби біліктілігінің, ұйымдастырушылық қабілетінің және дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан елеулі үлесінің айқын көрсеткіші болып табылады.

Аудан мен облыстың дене шынықтыру және спорт саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі мен жемісті еңбегі үшін 2017 жылы «Құрметті спорт қызметкері», 2023 жылы «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерімен марапатталды.

Еркебулан Серикбосынович еңбек жолы жылдарында дене шынықтыру мен спортты дамытуға, жоғары білікті спортшыларды даярлауға, бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін насихаттауға, сондай-ақ өскелең ұрпақты тәрбиелеуге елеулі үлес қосты.

Copyright © 2021 Everest. Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Сайт жобасын дайындаған «ToWeb.kz» компаниясы. Сайтқа тапсырыс беру.