Мен, Мухамматжанов Оразғали Турсынұлы 1968 1-желтоқсан күні өмірге келдім. Егізім Жұмағазы екеуміз көп балалы отбасыдан шыққанбыз. Абай облысы, Мақаншы ауданы, Қайыңды ауылынан 1984 жылы 9 сыныпты аяқтап, 10-11 сыныпты оқуға Мақаншы ауданының Сәкен Сейфуллин атындағы мектепте жалғастырдық. Оқыған жылдары қазақ күресі және самбо күресімен шұғылданып, аудан және облыс және республика жеңімпазы болдым. 1986 жылы Алматы қаласында дүние жүзілік жарыста күміс медаль иелендім. 1987-89 жылдары әскер қатарында болдым. 1989-1992 жылдары Балқаш қаласының педагогикалық колледжінде оқыдым. 1991 жылы еркін күрестен республика чемпионы, 1992 қазақ күресінен ҚР чемпионы болдым. 1992 жылдан бастап қазіргі күнге дейін қазақ күресінен бапкермін және 2-дүркін дзюдо күресінен, 2 дүркін қазақ күресінен ҚР чемпионы және 3 дүркін гир тасын көтеру және 2 дүркін 3 км жүгіруден облыс чемпионымын.
Copyright © 2021 Everest. Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.
Сайт жобасын дайындаған «ToWeb.kz» компаниясы. Сайтқа тапсырыс беру.
