Мен Бакытбеков Дастан Кусманович 2000 жылы шілде айының 26 жұлдызы Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Саржал ауылында дүниеге келдім. 2017 жылы аталған ауылдағы Шаймардан Тоқжігітов атындағы орта мектебін тәмамдап, сол жылы Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледжіне "дене тәрбиесі және спорт" мамандығы бойынша оқуға түстім. Аталған оқу орнын 2020 жылы үздік бағаға аяқтап, осы жылы Әлихан Бөкейхан университетіне "дене тәрбиесі және спорт" мамандығы бойынша жоғарғы оқу орнына оқуға тапсырдым. Оқу мен жұмысты қатар алып жүру мақсатында, 2021 жылдың қыркүйек айында Семей қаласының "балалар және жасөспірімдер спорт мектебіне" волейбол спорт түрінен жаттықтырушы болып жұмысқа орналастым. Жалпылай айтқанда, волейбол спорт түрімен айналысуым мектеп қабырғасында басталған болатын. Осы спорт түрінен студент шағымда қалалық жасөспірімдер арасында бірнеше дүркін чемпионы атандым. Сондай-ақ студенттер арасында халықаралық волейбол турнирінде 3-орынға ие болдым. Қазіргі таңда, жаттықтырушы ретінде аталған спорт түрінен қалалық, облыстық, республикалық турнирлер мен чемпионаттарда талай мәрте топ жарып, жеңімпаздар қатарынан көріндім. Алдағы уақытқа жоспарымыз орасан зор. Оқушылар арасындағы волейбол спортында Абай облысының намысын Қазақстан көлемінде биік деңгейге жеткізу – менің басты мақсаттарымның бірі.
Copyright © 2021 Everest. Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.
Сайт жобасын дайындаған «ToWeb.kz» компаниясы. Сайтқа тапсырыс беру.

