Ұлағатты ұстаз

Сейсенбаев Абылай Ибраимұлы


Сейсенбаев Абылай Ибраимұлы 1997 жылы 20 шілдеде дүниеге келген. Ол жастайынан білім мен тәрбиеге, спортқа ерекше қызығушылық танытып, болашақта білікті маман болуды мақсат етті.

 

2016 жылы Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қаражота ауылындағы Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлы атындағы қазақ орта мектебін үздік бітірді. Кейін жоғары білім алу мақсатында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша білім алып, кәсіби даярлықтан өтті.

 

2022 жылы еңбек жолын «Абай атындағы қазақ орта мектебі – мектеп жанындағы интернатымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде интернат тәрбиешісі қызметінен бастады. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру, тәртіп пен жауапкершілікті қалыптастыру, оқушылардың жан-жақты дамуына ықпал ету бағытында еңбек етті.

 

2023 жылдан бастап аталған білім беру мекемесінде әлеуметтік педагог және дене шынықтыру пәнінің мұғалімі қызметтерін атқарып келеді. Өз қызметінде оқушылардың әлеуметтік жағдайына назар аударып, олардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына қолдау көрсетуді, салауатты өмір салтын насихаттауды және спортқа деген қызығушылығын арттыруды басты міндеттерінің бірі санайды.

 

2024 жылдан бастап Қонаев қаласындағы Шахмат және үстел ойындары бойынша мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде тоғызқұмалақтан жаттықтырушы болып еңбек етіп келеді. Ұлттық зияткерлік ойынымыз – тоғызқұмалақты жас ұрпаққа насихаттау, оның қыр-сырын үйрету, оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту және ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағытында жүйелі жұмыс жүргізуде.

 

Бүгінгі таңда Абылай Ибраимұлының шәкірттері аудандық және облыстық деңгейдегі жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болып келеді. Бұл жетістіктер – жаттықтырушының кәсіби шеберлігінің, тынымсыз еңбегінің, шәкірттеріне деген сенімі мен қолдауының нәтижесі. Ол әрбір оқушының қабілетін ашуға, спорттық шеберлігін шыңдауға, жеңіске деген жігерін арттыруға және ұлттық спорттың дамуына үлес қосуға ерекше мән береді.

 

Абылай Ибраимұлы үшін ұстаздық пен жаттықтырушылық – жай ғана мамандық емес, өскелең ұрпақтың болашағына бағытталған жауапты қызмет. Ол білім мен тәрбиені, спорт пен ұлттық құндылықтарды ұштастыра отырып, шәкірттерінің бойында табандылық, тәртіп, жауапкершілік және мақсатқа жетуге деген ұмтылысты қалыптастыруды басты мақсаттарының бірі санайды.

 

Оның негізгі кәсіби ұстанымы – сапалы білім беру, саналы тәрбие қалыптастыру, дарынды шәкірттерді қолдау және ұлттық спорттың өркендеуіне өз үлесін қосу.

Copyright © 2021 Everest. Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Сайт жобасын дайындаған «ToWeb.kz» компаниясы. Сайтқа тапсырыс беру.