Бекжұмаұлы Орынтай Алматы облысы білім басқармасының "Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің "Сүмбе орта мектебі" КММ Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Мен Бекжұмаұлы Орынтай, ҚХР Текес ауданы Шиліөзек ауылында 1994 жылы 15 қарашада дүниеге келдім. Жанұямызда 7 жан. Әкем Бегай Бекжұма, анам Тұрхан Күлімхан, әпкелерім Гүлзира, Гүлнұр және ағаларым Тоқтарқожа, Сералы, өзім үйдің кенжесімін. 2001 жылы өзімнің туылған аулымдағы Суасу орта мектебіне 1 сыныпқа оқуға қабылдандым. 2006 жылы өз отаным Қазақстан Республикасына көшіп келіп, Алматы облысы Ұйғыр ауданы Сүмбе ауылына қоныстандық. Аталған ауылдың мектебінде 5 сыныпты жалғастырып оқып , 2012 жылы 11 сыныпты аяқтап Алматы қаласындағы, Алматы индустриалды колледжіне, «есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамсыз ету» мамандығы бойынша оқуға түстім. 2015 жылы жоғарда аталған оқу орнын аяқтадым. 2016 жылыдың 1 кыркүйегінен бастап Сүмбе орта мектебіне мультимедия кабинетінің зертханашысы болып жұмысқа қабылдандым. 2016-2019 жылдары аралығында Алматы университетінің информатика факультетін сырттай бітірдім. 2019 жылдан бастап информатика пәнінен сағат алып ұстаз мәртебесіне ие болдым, сонымен қатар педагог-ұйымдастырушы лауазымы бойынша да жұмыс жасадым. 2021 жылдың 9 қыркүйегінен бастап директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс жасаудамын.