Ұлағатты ұстаз

Смагулова Анара

Смагулова Анара Мейрамовна

Оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

     Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы «№3 жалпы орта білім беретін мектеп – кешені» КММ де 2011 -2012 оқу жылынан бастап, математика пәні мұғалімі және 2015 -2016 оқу жылынан бастап директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарады. «Педагог – зерттеуші» және «оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары лауазымы бойынша екінші біліктілік санатты ұстаз.

 

Ұстаз жолы қиынырақ басқадан, 

Сырлары көп сыртқа әлі ашпаған. 

Шаршаса да осы жолдың бойында, 

Қандай рахат, шын бақытын тапса адам, -дегендей ұстаз болу шыныда да жүректің батылдығы. Қалтарысы көп қиындықты жеңе білу, жетістікке жетелеген арман жолының шынайы көрінісі деп білеміз.

     Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкірт жандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, практикалық қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген психолог педагогтік диагностика қоя білетін іскер мұғалім қажет.   Осы жолда талмай еңбектеніп, талап биігінен көріне білген ұстаздардың бірі, өз мамандығының шебері. 

   Смагулова Анара Мейрамовна №3 жалпы орта білім беретін мектеп- кешенінде еңбек етіп келе жатқанына 10 жыл болды. «Жас келсе іске» дегендей әр сабағын мазмұнды, мәнді өткізетін білімді ұстаз аз уақыт ішінде оқушы жүрегіне жол таба білді. Математиканың қыр- сырын сапалы меңгерту, үздіксіз ізденіспен тынымсыз еңбектің нәтижесі. Төккен тер текке кеткен жоқ.

    Дарынды оқушыны жан-жақты дамыту; ізденімпаздыққа бейімдеу;шығармашылық бағытының ашылуына, дамуына, қоршаған ортада өзін-өзі жарнамалауына көмек көрсету; жан-жақты ақпараттандыру, коммуникативтік құзыреттілігінің артуына қолдау көрсету мақсатында жұмыс жүргізеді.   

    Оқушылары қалалық, облыстық, республикалық олимпиадаларда, ғылыми жобалар байқауында   мектебіміздің мәртебесін асқақтата түсті. Ата- аналар да Анара Мейрамовнаның еңбегін жоғары бағалап, алғыстарын білдіріп жатады.

     Смагулова Анара Мейрамовна оқу ісінің меңгерушісі болған күннен бастап, ұстаздарға әдістемелік  көмек беріп, ұстаздардың  білім- білік тәжірибесін жетілдірудегі атқарып жатқан еңбегі де орасан зор. Оқу ісінің меңгерушісі қызметіндегі 5 жыл ішіндегі еңбектің нәтижесінде қала әкімінің «Алғыс хатымен» Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министірінің «Алғыс хатымен» марапатталды. Бүгінде психологиялық- педагогикалық құзыреттілігі басым ұстаз. Ол шығармашылықпен жұмыс істеп, жас ұрпақты тәрбиелеуде үлкен үлес қосып келе жатқан ұстаз. Тәрбие бағдарламасын және «Серпін» қоғамдастығы жұмысын жаңғырту мақсатында    «Табысты оқу»,   «Сенің  таңдауың», «Керемет бала» атты педагогикалық жобалар жүзеге асуына өз үлесін қосуда. Осы жылы жаңа форматтағы TEDx, REDx, CАSЕ STUDУ іс-шаралар еңгізілді. Қазіргі таңда магниттик мектеп оқушылары арасында REDx форматында оқырман конференциясын және «Умники и умницы» интеллектуалды сайысын өткізді.

     Қалалық, облыстық семинарлар шеңберінде ашық сабақтар жүргізілді. Назарбаев ЗМ байланыс орнатылып кездесулер мен семинарлар жүргізілді. Сабақтар галереясы келесі бағыттарды қамтыды:  ЖБМ –жаңашылдыққа бастама; БжС - табысты оқуға бағыттау; Bilim land - ақпараттық коммуникацияны дамыту жолы; Үш тілділік –жарқын болашақ негізі. Білім берудегі тәжірибе мен инновация: уақыт талабы» атты екінші Республикалық педагогикалық оқуларда мектептің білім сапасын БжС технологиясы арқылы көтеру бағыттарымен бөлісіп, облыс жеңімпазы атанды.

5 жыл бойы жазғы уақытта «Турксиб» лагерін басқарып, оқушылардың демалыстарын жоғары дәрежеде ұйымдастыра білді. Мектеп ұжымы мен ата- аналар алғысына ие болды. Облыстық білім бөлімі Анара Мейрамовнаны «Грамотамен» қазақ елінің өркендеуіне қосып жатқан үлесі үшін марапаттады. Ал қалалық білім бөлімінің «Алғыс хаты» еліміздің дамуына үлес қосып жатқан еңбегінің жемісіне берген бағасы. Ұжымның жетістіктері мен белсенділігі еңбек және орындаушылық тәртібіне әкімшілік өз тарапынан қолдау көрсетеді.

Анар Мейрамовна – ұстаздар мен оқушылар жүрегіне жол таба білген білімді, өте еңбекқор. Үнемі шығармашылықпен еңбектеніп жүрген ұстаздың алар асуы, бағындырар биігі әлі алдыда.

Copyright © 2021 Everest. Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Сайт жобасын дайындаған «ToWeb.kz» компаниясы. Сайтқа тапсырыс беру.