Ұлағатты ұстаз

Карабалина Жанаргуль


Карабалина Жанаргуль Куанышевна
Қосарал  орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Жалпы жұмыс өтілі: 10 жыл
Саладағы жұмыс өтілі: 10 жыл
Қазіргі еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі:  8 жыл
Марапатталушының нақты ерекше еңбегін көрсететін мінездеме:
     Карабалина Жанаргүл Қуанышқызы – 2012 жылдың қараша айынан бастап, Қосарал орта мектебінде еңбек жолын мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметімен  бастады. Ол өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, қарапайым, адамгершілігі мол, теориялық білімді, әдістемелік шеберлікті жақсы меңгерген, тәрбиелік шараларды түрлендіре өткізуде тиімді әдістерді ұтымды пайдалана алатын, оқушылардың қызығушылығын арттырып, белсенділігін дамытуға жұмыстанатын, ізденімпаз, білмегенін білуге ұмтылатын ұстаз.
    Жанаргүл тәрбие сағаттарын өткізу барысында көрнекіліктерді, дидактикалық және суретті материалдарды, мультимедияны тиімді пайдаланады. Компьютердің тілін жетік меңгергендіктен, тәрбиелік шараларда түрлі презентацияларды қолданады. Негізгі мамандығы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болғандықтан, оқушыларды жүйелі байланыстырып сөйлеуге, шығармашылық қабілетін арттыруға, ойлау қабілеттерін дамытуға көп көңіл бөліп, оқушылар бойындағы адамгершілік, әдептілік, инабаттылық, қайырымдылық қасиеттерін оята біледі. Әрбір тәрбиелік шараларды,  кештерді өткізуде оқушыларды өз бетінше іздене білуге, шығармашылық қабілеттерін арттыруға назар аударып отырады. 
     Тәрбие жұмысы бойынша заңдылықтар мен нормативтік құжаттарды басшылыққа ала отырып,  кәмелетке  толмаған  балалар  арасындағы қараусыздықты  және құқық  бұзушылықтың  алдын  алу  мәселелерін бірыңғай  шешу,  олардың құқықтары  мен  заңды  қызығушылығын заңды түрде қорғау, әлеуметтік аз қамтылған  балаларды  анықтау, оларға  әртүрлі көмек беру, ішімдік,  нашақорлық және зиянды  заттарды пайдалану мен теріс ағымдардың ықпалынан сақтандыру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу және насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытындағы, балалардың жазғы сауықтырылуы мен демалысын ұйымдастыру бойынша жұмыстарды жүйелі және нәтижелі жүргізіп келеді.
     Тәрбие ісінің орынбасары ретінде сынып жетекшілермен, пән мұғалімдерімен, мектеп инспектрымен, психологпен, әлеуметтік педагогпен, тәлімгермен бірлесіп жұмыстар атқарады.
     Тәрбие жұмысының мақсатына сай оқушыға берілетін білім, білік, дағдылар арқылы өз бетінше дұрыс шешім қабылдай алатын, ұлттық рухы биік, адамгершілігі жоғары, салауатты өмір салтын ұстанатын, елінің өткенін құрмет тұтып, ертеңіне өз үлесін қосуды парызым деп білетін жан-жақты, бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік бағдарға қабілетті, мәдениетті, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру және дамытуда, «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы аясында қазіргі заманғы тәрбиенің басты бағыты ретінде оқушыларды ұлттық тәрбиеге, патриотизмге, азаматтық, толеранттылық және көшбасшылық қасиеттерге тәрбиелеуде тәрбие ісінің орынбасары ретінде зор үлес қосты деп айтуға болады. Жанаргүл Қуанышқызы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы  22 сәуірде  № 227 бұйрығымен бекітілген «Тәрбиенің тұжырымдамалық» негіздерін,  2019 жылғы  15 сәуірдегі   № 145 бұйрығымен бекітілген  «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы «Тәрбиенің тұжырымдамалық» негіздерін білім беру ұйымының тәрбие үрдісінде басшылыққа ала отырып,  Тұңғыш Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2016 жылғы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы мен «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін түсіндіру бойынша тәрбие жүйесіне тың жобалар енгізіп, оның маңыздылығын сабақтан тыс жұмыстарда жандандырып, «Туған жер» жобасы аясында балалар мен жасөспірімдер туризімінің рөлін арттыруға ықпал етті.
     Мектебімізде жас жеткіншектерді халқымыздың тарихын, мәдениетін,  әдебиетін, тілін, салт-дәстүрін, өнерін, ұлттық тәрбие ерекшеліктерін терең білуге, құрметтеуге үйрету, жастардың бойына адамгершілік, имандылық қасиеттерді сіңіру, эстетикалық талғамдарын  қалыптастыру, халық өнегесін үйрету, ұлттық тәрбиені сіңіру  мақсатында енгізген «Ардақтайық халқымның салт-дәстүрін» тақырыбындағы мәдени,өнеге – танымдық, ұлттық жобасы өз нәтижесін беріп, оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, патриоттық сананы оятып, қазақы болмыс пен рухани-адамгершілік, ұлттық құндылықтарымызды бойына сіңіртіп, рухани бай, шығармашыл, елжанды азаматтар тәрбиелеуде үлкен үлес қосуда.
     Атырау облысы бойынша 2018, 2019 жылдарды қамтыған «Ұлан ғайыр елімді мен танығым келеді» танымдық, туристік жобасының қорытынды байқау - семинарының Қосарал орта мектебінде ұйымдастырылғаны жоғарыда аталған жұмыстардың нәтижесін көрсетуге, тәжіриебе алмасуға тамаша мүмкіндік берді. «Ардақтайық халқымның салт-дәстүрін» тақырыбындағы ұлттық құндылықтар фое – көрмесі облыстық білім беру басқармасы басшылары мен әр ауданнан келген қонақтардың жоғары бағасына ие болып, нәтижесінде Махамбет ауданының қорытынды шарасы облыс бойынша жүлделі І орынды иеленді.
     Еңбек еткен уақыт аралығында аудандық, облыстық семинарларда шеберлік сыныптарын өткізіп,  кәсіби байқауларда жетістіктерге жетіп, марапатталды. Аудандық, облыстық педагогикалық оқуларда тәжірибесін таратты. Мектеп оқушылары да мәдени-көпшілік, патриоттық, спорттық бағыттар бойынша біраз жетістіктерге жетті.
     Бұл – оқушылармен және мектеп ұжымымен, ата-аналармен бірлескен жұмыстарының нәтижесі, жемісі деп білеміз.
     Жанаргүл әрі қарай да оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, патриоттық санасын оятып, қазақы болмыс пен рухани-адамгершілік, ұлттық құндылықтарымызды бойына сіңіртіп, рухани бай, елжанды азаматтар тәрбиелеуге үлкен үлес қосады деген ойдамын.  
 
 Курстар мен семинарлар:
 
  1. «Мектептің тәрбие жүйесінде эстеикалық тәрбие беруді ұйымдастыру мәселелері» – 16.02.2013 жыл, Алматы қаласы;
  2.  «Мектептегі тәрбие үрдісін тиімді қамтамасыз ету» – 22.11.2013, Атырау қаласы;
  3. "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық идеясының құндылықтарын насихаттау арқылы оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру" – 17-22.04. 2017 жыл, Атырау қаласы;
  4. «Үш тлде оқыту жағдайында жалпы орта білім беретін мектепті басқару жүйесі» – 18-29.06.2018 жыл, Алматы қаласы;
  5. «Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны» республикалық семинар – Астана, 2019 жыл;
  6. Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілді мектептердегі «Қазақ тілі» мен «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша педагог кадрларының біліктілігін арттыру – 8.09.2020 жыл.
  7. «Өзін-өзі тану» пәнінің ғылыми – әдістемелік негіздері – 5-12.11.2021 жыл.
  8. «Білім беру мазмұнына жаңарту жағдайында тәрбие үдерісін басқарудың заманауи амалдары» – 25.04-6.05.2022 жыл.
 
Жетістігі:
 
  1. "Үздік ұйымдастырушы" – 2 орын, 2014 жыл; 
  2. "Сынып жетекшілер бірлестігі" – 1 орын,  облыс - 3 орын, 2015 жыл; 
  3. Аудандық педагогикалық оқу – 1 орын, 2016 жыл;
  4. Аудандық семинарда шығармашылық шеберлігі үшін «Алғыс хат» – 2014, 2014, 2016, 2018, 2019 жыл;
  5. Аудандық «Өнерімді еліме арнаймын» көркемөнерпаздар байқауы – 1 орын 2015 жыл, 3 орын 2017 жыл, 1 орын 2018 жыл, 3 орын 2019 жыл, 
  6. «Менің елім» патриоттық әндер байқауы – 2 орын, 2016 жыл;
  7. Аудандық «Театрдың ғажайып әлемі» байқауы – 2 орын, 2018 жыл; 
  8. Адандық «Жас тәртіп сақшысы» байқауы – 1 орын 2017 жыл, 1 орын 2018 жыл, 2 орын 2019 жыл;
  9. Аудандық «Жол қозғалысының жас инспекторлары – 3 орын, 2019 жыл;
  10.  «Ең үздік қыздар қоғамдық кеңесі» облыстық байқауы – 1 орын, 2016 жыл;
  11.  «Менің Туым. Менің Елтаңбам. Менің Гимнім» облыстық байқауы – 1 орын, 2017 жыл;
  12.  «Ең үздік қыздарқоғамдық кеңесі» облыстық байқауы – 1 орын, 2017 жыл;
  13.  Ауд. «Үздік ұйымдастырушы – тәрбиеші» – «Бас жүлде» 2018 жыл
  14.  Аудандық педагогикалық оқу – 1 орын, 2019 жыл;
  15.  Облыстық педагогикалық оқу – 1 орын, 2019 жыл;
  16. Облыстық «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зертеушілерінің облыстық байқауы Жауынбаева Аружан – «Алғыс хат», 2020 жыл;
  17. Облыстық «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зертеушілерінің облыстық байқауы Ардаққызы Аида – «Алғыс хат», 2020 жыл;
  18. Облыстық «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зертеушілерінің облыстық форумына жеңімпаз дайындағаны үшін «Алғыс хат» – 2020 жыл;
  19.  «Менің Отаным – Қазақстан» туристік – экспедициялық жасақтарының облыстық байқауы Ардаққызы Аида – 3 орын, 2020 жыл;
  20.  «Үздік буктрейлер» сайысы Жеткіл Аманжан – аудандық – 1 орын, облыс – 2 орын;
  21.  «Сен туған өлкең Қазақстанды білесің бе?» байқауы  – «Қосарал» командасы облыс – 3 орын.
  22. Аудандық «Абай оқулары» – 3 оры, 2022 жыл.
Марапаты: 
  1. Аудандық білім бөлімінің   "Алғыс хаты" – 2015 жыл;
  2. Облыстық Білім беру басқармасының "Құрмет грамотасы" – 2016 жыл;
  3. Есбол селолық округі әкімінің "Алғыс хаты" – 2018 жыл;
  4. Аудандық Аналар кеңесінің "Алғыс хаты" – 2018 жыл;

Copyright © 2021 Everest. Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Сайт жобасын дайындаған «ToWeb.kz» компаниясы. Сайтқа тапсырыс беру.