Ұлағатты ұстаз

Сонабаева Феризат

Сонабаева Феризат Бекиновна
Бастауыш сынып педагог-зерттеуші мұғалімі


"Алматы  облысы білім басқармасы Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназиясы мектепке дейінгі шағын орталығымен" мемлекеттік коммуналдық мекемесінің Бастауыш сынып педагог-зерттеуші мұғалімі Сонабаева Феризат Бекиновнаның кәсіби қызметі мен іс-тәжірибесі.
 
     Еңбек жолын 1989 жылы Алматы облысы Күрті аудыны, Құйған ауылында «Золотая рыбка» балабақшасында тәрбиеші болып жұмыс жасадым.
     Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты, педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі үздік дипломмен аяқтаған. Білімі жоғары.
     Сонабаева Феризат Бекиновна – Әр түрлі деңгейдегі білім беру ұйымдарымен, әлеуметтік серіктестермен ынтымақтастық жұмыстарының үйлестірушісі.
     ҚР Білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы, облыстық білім беруді дамыту оқу –әдістемелік орталығы КММ-нің, Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Қарғалы №2 арнаулы гимназиясының, Бақанас аграрлы-индустриалды колледжінің үйлестіруші Феризат Бекиновна – қазіргі заманғы мектепті басқару теориясы мен тәжірибесін жетік, жан-жақты меңгерген, белсенді өмір ұстанымы бар, шығармашылықпен жұмыс істейтін басшы. Феризат Бекиновна бірлестік жетекшісі, педагог-ұйымдастырушы, тәрбие орынбасары, мектеп директорының ғылыми әдіскері қызметтерін аянбай еңбек етіп келе жатқан педгог. Біліктілікті арттыру курстарында оқып, кәсіби шеберлігінің өсуіне үнемі ұмтылып отырады.
     Сондай-ақ оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында білім беру мекемесінде төмендегідей іс-шаралар атқарылып келеді.
         1) «Жаныңда жүр жақсы адам» жобасының жүргізушісі;
         2) Мектепте өзін-өзі басқару ұйымы;
         3) «Адал Ұрпақ» клубы;
         4) Облыстық, аудандық магниттік мектептердің үйлестірушісі;
     Сонымен қатар, Сонабаева Феризат – халық қалаулысы, аудандық орталық сайлау учаскесінің төрайымы;
       Аудандық «Үздік бірлестік» байқауында бас жүлде

     Сонабаева Феризат Бекиновна 2019 жылдан Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназиясының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары ретінде қызмет атқаруда. Осы уақыт ішінде ол өзін шығармашыл, белсенді көшбасшы ретінде көрсетіп келеді. Оның жетекшілігімен гимназияның педагогикалық ұжымы Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құжаттарға сәйкес жұмыс жасайды. Мемлекеттік білім беру стандарттарының орындалуын бақылауға, мектепішілік бақылау жүйесін үйлестіруге, мектептің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, гимназияның даму бағыты мен педагогтердің мүмкіндігін және оқушылардың білім-білік деңгейлерін негізге ала отырып, оқу-тәрбие үрдісіне озық педагогикалық тәжірибелер мен технологияларды енгізуге, гимназиядағы әдістемелік жұмыс жүйесін қалыптастыруға ерекше назар аударады. Педагогтердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен элективтік және таңдау бойынша курстардың жоспарларының орындалуын, құжаттамаларды әзірлеу жұмыстарын тиімді үйлестіреді.
     Ұстаз ұлы мамандық иесі Феризат Бекінқызы өз мамандығына шексіз берілген, өз пәнінің қыры мен сырын жетік меңгерген, жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде үздіксіз еңбек етіп келе жатқан – Ұлағатты педагог. Өзінің мамандығының қыры мен сырын жетік білетін, ізденімпаз, шығармашыл ұстаз.
Бастауыш сынып мұғалімі Сонабаева Феризат Бекиновна Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай Еліміздің Тәуелсіздігіне қосқан зор үлес пен кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін медальмен марапатталды.

Кәсіби, жеке қасиеттерін бағалау:
Феризат Сонабаева педагог ретінде жеке жетістіктерімен де ерекшеленеді.
1. Қазақстан Респубиликасы Білім және ғылым министрлігі «Мейірім – әлемге махаббатпен» медалімен марапатталды, 16.08.2022 жыл
2. Қазақстан Респубиликасы Білім және ғылым министрлігі Құрмет грамотасы, 2020 жылы
3. «Қазақстан Ұстаздары» энциклопедиялық журналына (41 бет),  2017 жыл
4. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай Еліміздің Тәуелсіздігіне қосқан зор үлес пен кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін медальмен марапатталды.
5. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының «Алғыс хат», 2021 жыл
6. Облыстық «Нұр Отан»-нан Алғыс хат
7. Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы «Алғыс хат»
8. Облыстық «Үздік  авторлық үйірме бағдарламасы» конурсы «Жаңашыл мұғалім»
9. Облыстық кәсіподақ ұйымының «Құрмет грамотасы», 2021 жыл
10. Аудан әкімінің «Құрмет грамотасы», 2018 жыл
11. Республикалық ПЕДСТАРТ қашықтық олимпиадасы 3 орын (қазақ тілі)
12. Ұлттық интернет олимпиадасы І дәрежелі диплом.
Қашықтан оқытуға байланысты оқушылардың білімінде туындаған олқылықтардың орнын толықтыру мақсатында гимназия педагогтері арасында «Педагогикалық тәжірибе алаңы» қауымдастығын құрып, тиімді жұмыс түрлерін үйлестірді.
Пандемиядан кейін білім алушылардың қашықтан оқу кезіндегі олқылықтарының орнын  толықтыруда педагогтермен «Білім беруге арналған интерактивті құралдар» тақырыбында  вебинар, «Қашықтан оқыту – заман талабы», «Жаңашылдық білім бастауы», «Жиынтық бағалаудың негізгі талаптары», «Жас маман мен тәлімгердің жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында семинар ұйымдастырды. Магниттік мектептердің педагогтеріне тірек мектеп ретінде педагог ұстаздарымыздың шығармашылығын шыңдау, ізденіс, білім қоржынын кеңейту, жаңартылған білім беру мазмұнын жаңашалап отыруда кедергілер, қиындықтар болдырмау мақсатында вебинарлар ұйымдастырып, тәжірибесімен бөлісіп отырды. Ұйымдастырушылық қабілеті, адамдардың эмоционалды жағдайын болжай білуі, жанашырлық қабілеті, командада жұмыс істеуі, жоғары эрудициясы, заман талабына сай көзқарасы Феризат Бекиновна гимназияның оқу-әдістемелік жұмысын алға жетелеуге көмектеседі. Феризат Бекиновна әріптестерінің ортасында беделді, ұйымдастыушылық қабілеті мол, кез-келген дәрістерде, семинарларда белсенді тұлға.
«Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Қарғалы №2 арнаулы гимназиясы және аудандық серіктестік мектептердің үйлестірушісі. Білім мен тәрбие саласының өсуіне өз білімін аянбай жұмсап келе жатқан ұлағатты Ұстаз. Феризат Бекиновна – білікті маман ғана емес, оқу үдерісін ұйымшылдықпен жүргізетін жаңашыл іскер педагог.
Ұстаз ұлы мамандық иесі Феризат Бекінқызы өз мамандығына шексіз берілген, өз пәнінің қыры мен сырын жетік меңгерген, жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде үздіксіз еңбек етіп келе жатқан – Ұлағатты педагог. Өзінің мамандығының қыры мен сырын жетік білетін, ізденімпаз, шығармашыл ұстаз.
Еліміздің болашағын тәрбиелеу мен оқытудағы еңбегі орасан зор. Тек мектеп көлемінде ғана емес, жетекші мектептің көшбасшысы ретін аудан, облыс, республика көлемінде қазіргі білім беру жүйесіндегі педагогикалық және инновациялық білім беру мәселелері, оқытудың тиімді жолдары туралы іс-тәжірибесін тұрақты түрде таратып, бөлісіп отыратын жаңашыл, іскер көшбасшы.
 
ҚР пед кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарламалары шеңберінде – «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ, Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде критериалды бағалау жүйесін енгізу бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілерінің біліктілігін арттыру курсы, Сертификат БЖ №024286, Талдықорған қаласы, 4 қараша, 2016 жыл;
– «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген «Оқушылардың кәсіби бағдары бойынша» бағдарламасы бойынша курсы, Сертификат БЖ №111553, Талдықорған қаласы, 29 қараша 2019 жыл;
– «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген.
Қазақстан Республикасында орта білім мазмұны жаңарту шеңберінде жалпы білім беру ұйымдары басшыларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарыларының біліктілігін арттыру курсы, Сертификат БЖ №096266, Талдықорған қаласы, 1 ақпан 2019 жыл.
  • Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Акционерлік қоғамы «Қашықтан басқару, білім беруді цифрландыру жағдайында оқу үдерісін тиімді басқару және конструктивті жоспарлаудың негізі ретінде»
  • Сертификат БЖ №0481247, Талдықорған қаласы, 1 қазан 2021 жыл
– «Педагогтердің цифрлық құзыреттілігін дамыту» «Өрлеу» БАҰО АҚ, Сертификат №070735, 08.09.2021 жылы курстарынан өткенмін.
«Бөлімді жиынтық бағалау, тоқсандық жиынтық бағалау (БЖБ,ТЖБ) жұмыстарының  негізгі шарттары», «Жас маман мен тәлімгерлердің жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында аудан, облыс көлемінде іс-тәжірибесі таратылды.
Дарынды балалармен жұмысқа, мұғалімдердің авторлық бағдарламаларының құрастырылуына, апробациядан өтілуіне және жүзеге асырылуына көп көңіл бөлудемін. 

Copyright © 2021 Everest. Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Сайт жобасын дайындаған «ToWeb.kz» компаниясы. Сайтқа тапсырыс беру.