Ұлағатты ұстаз

Айтжанова Анаргул Елеусиновна


Айтжанова Анаргул Елеусиновна

Бастауыш сынып мұғалімі Педагог-сарапшы

Федоровка жалпы орта білім беретін мектебі

Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Теректі ауылы

      Мен, Айтжанова Анаргул Елеусиновна 1982 жылы 22 қыркүйекте  Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Көздіғара ауылында дүниеге келдім. Әкем Елеусін мен анам Гүлнар 5 баланы дүниеге әкеліп, тәрбие беріп, өсірген, оңымыз бен солымызды ажыратуды үйреткен жандар. Мен 1989 жылы Көздіғара ауылында алғаш мектеп табалдырығын аттадым. 2000 жылы орта мектепті бітірдім.  2000 жылы Орал қаласы Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжіне оқуға түсіп, 2003 жылы «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығын алдым. 2007 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетіне түсіп, 2010 жылы «Бастауыш оқытудың педагогикасы және әдістемесі» мамандығын алып шықтым. Алғаш еңбек жолымды Ақжайық ауданы, Жайық ауылынан бастадым. 2007 жылы Теректі ауданы Федоровка қазақ жалпы орта білім беретін мектебіне бастауыш сынып мұғалімі болып жұмысқа қабылдандым. Еңбек өтілім 20 жыл. 

     Ұстаз деген кім? Ұстаз – шәкірттерін білім нәрімен сусындататын адам. Ұстаз болу – екінің-бірінің қолынан келмес, әрі аса үлкен жауапкершілікті қажет ететін жұмыс. Бала өмірге қадам жасаған сәтте оның жолында небір қиындықтар кездеседі, сол кезде өзінің тәжірибесімен бөлісетін адам сол баланың өмірінде өшпес із қалдырады. Менің бала кезден арманым бастауыш сынып мұғалімі болу. Мектеп табалдырығын аттап кірген сәтімде күлімдеп қарсы алған, қолымнан жетектеп партаға отырғызған, «Әліппе» кітабын ұстатқан, алғаш әріп үйреткен алғашқы ұстазым – Мариям Тарғынқызы. Ол кісі менің ақылшым, алғашқы данышпаным, өмірге бағыттаушым болды. Қазіргі күнде алғашқы ұстазыма дән ризамын. Мен ұстазымнан білім жолының таза, тура, әділ жол екендігін ұқтым. Қазіргі таңда өзім де ұстаз деген ұлы есімге ие болдым. Ұстаз шәкірттерімен мақтанады демекші, алғашқы шәкірттерім жоғары оқу орындарында оқиды. Амангелді Шұғыла, Жанбота Айжан, Төлегенов Диас деген шәкірттерім гимназияны алтын белгігіе бітіріп, Алматы қаласында жоғары оқу орындарында білім алуда. 

   Шәкірттерім пәндік олимпиадалар мен интеллектуалды қашықтық олимпиадаларға үнемі қатысып отырады. 

«Intel-junior-2017» аудандық зияткерлік олимпиадасы Рскалиева Э., дүниетану ІІІ орын, «Intel-junior-2017» Асқар А., математика ІІІ орын. «Intel-junior-2018» аудандық зияткерлік олимпиада Асқар А. ІІ орын математика. «Intel-junior-2018» аудандық зияткерлік олимпиадасы Меңдіғали Г. дүниетану І орын.  2018-2019 оқу жылында «KAZRIO.KZ» республикалық шығармашылық байқау І орын Нұралы Н., Нурланова А., Сәлімгерей К., Ертарғын А., Мұрат Т.; ІІ орын Демеуов Д., Серік М. «Триада» республикалық байқау Мырзабай Ә. І дәрежелі Диплом. «INTOLIMP.KZ» республикалық шығармашылық байқау І орын Әділұлы А., Нұралы Н., Ертарғын А., Умірзақ А., Үсен Е., Утепқали Ә., Серік М., Нурланова А., Қадырғали Р., Жұбаныш А.; ІІ орын Мырзабай Ә., Сәлімгерей К., Нұрболат А., Жанбота М.   

2019-2020 оқу жылы «ILEADER.KZ» республикалық дарынды оқушылар байқауы

І орын Мұрат Т., ІІ орын Нұралы Н., Нурланова А. 

А.Бақтыгереева «Жырдан төккен кетесін» аудандық байқау Жанбота М., Алғыс хат: Умірзақ А., Үсен Е., Нұралы Н. «Туған тілім – бабам тілі, өз тілім» аудандық зияткерлік сайыс 2 а сыныбы ІІ орын Диплом. 

2022-2023 оқу жылы «Ақбота» зияткерлік олимпиадасы І  орын Ғарифулла А., Болат Қ., Байсеит М., Ерқуат Е., Тыныштық М., Науырызғали Е., Сайлау Н., Ертаргын. 

    «Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай болмақшы», яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептің оқушылары да білімді болмақ. Сондықтан өз білімімді ылғи да көтеріп отыруға тырысамын.

    2019-2020жж Республика көлемінде таралған іс-тәжірибем «Ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықтың берік болуы» әдістемелік құралым шықты.

     – 2015 ж «Үздік сындарлы сабақ» аудандық байқау «Ізденімпаз ұстаз»;

      2017 ж Үшінші базалық деңгейдің мұғалімге арналған Республикалық интернет-олимпиадасынан сертификат;

     – 2018 ж «Балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығы» Алғыс хат;

     – 2019 ж Аудандық балалар кітапханасы. Алғыс хат; 

     – 2019 ж Аудандық білім беру бөлімі. Мадақтама;

     – 2019 ж Халықаралық «Инфоурок» қашықтық олимпиадасынан Алғыс хат;

     – 2022 ж Аудандық білім беру бөлімі Алғыс хат;

     – 2022 ж ПедСтарт Республикалық олимпиада І орын;

     – 2022 ж Daryn.online Республикалық олимпиада ІІ орын;

     – 2022 ж Республикалық «Жыл үздігі -2022» «Үздік портфолио» І орын;

     – 2022 ж «Жаңашыл мұғалім -2022» Республикалық олимпиада І дәрежелі Диплом;

     – 2022 ж Республикалық ғылыми конференция Диплом.

Copyright © 2021 Everest. Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Сайт жобасын дайындаған «ToWeb.kz» компаниясы. Сайтқа тапсырыс беру.