Лидер года

Шералы Диас Мұратұлы


     Шералы Диас Мұратұлы – 14.02.2016ж Түркістан қаласында туылған. Отбасында 2-ші бала. «Ел-Нұр» балабақшасына 2 жасынан бастап барды. Диас өте ақылды, талантты және өте қамқор бала болды. 2021 жылы С.Сейфуллин атындағы №4 мектеп-лицейіне 1-ші сыныпқа барды. Диас өте активный, алғыр, үлгілі бала болып, сабағын да жақсы оқып, 1-ші сыныпты үздік аяқтады. 2, 3, 4-ші сыныптарды да «Оқу үздігі» деген мақтау қағазымен аяқтады. Оқу барысында Диас түрлі олимпиадаларға қатысып, жүлделі І, ІІ, ІІІ орындарды иеленді.

   Оқу-ағарту министрлігінің  «Мың бала» республикалық зияткерлік орталығының ұйымдастыруымен «Абайтану» олимпиадасына «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша қатысып, І орынмен марапатталды.

     Абай Құнанбаевтың шығармашылығын кеңінен насихаттау мақсатындағы «SUNQAR» Республикалық білім беру орталығының ұйымдастыруымен «Абай оқулары» конкурсына қатысып, ІІ орын иеленді.

     Республикалық «Кенгуру» жалпы пәндік интеллектуалдық олимпиадасынан І орын жүлдегері атанды.

     Республикалық «Самұрық» математикалық зияткерлік олимпиадасының ІІІ орын Диплом иегері атанды.

     І дәрежелі ДИПЛОМ  «Республикалық «Жыр алыбы – Жамбыл» конкурсында І орынмен марапатталды.

   ДИПЛОМ ІІІ орын Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігінің «АЛТЫН ҰРПАҚ» зияткерлік олимпиадасының жүлдегері атанды.

     «Ақ Бота» зияткерлік олимпиадасының жүлдегері ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

     Диплом І дәрежелі «Кенгуру» ойын-курсының жеңімпазы дипломмен марапатталды.

     Диастың осындай жетістікке жеткені өзінің оқуға деген қызығушылығының арқасында. Диас ел болашағы үшін тер төгетін адал азамат болатынына нық сенімдімін.


Copyright © 2021 Everest. При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Сайт разработан группой разработчиков компании «ToWeb.kz». Заказать сайт.