Шералы Диас Мұратұлы – 14.02.2016ж Түркістан қаласында туылған. Отбасында 2-ші бала. «Ел-Нұр» балабақшасына 2 жасынан бастап барды. Диас өте ақылды, талантты және өте қамқор бала болды. 2021 жылы С.Сейфуллин атындағы №4 мектеп-лицейіне 1-ші сыныпқа барды. Диас өте активный, алғыр, үлгілі бала болып, сабағын да жақсы оқып, 1-ші сыныпты үздік аяқтады. 2, 3, 4-ші сыныптарды да «Оқу үздігі» деген мақтау қағазымен аяқтады. Оқу барысында Диас түрлі олимпиадаларға қатысып, жүлделі І, ІІ, ІІІ орындарды иеленді.
Оқу-ағарту министрлігінің «Мың бала» республикалық зияткерлік орталығының ұйымдастыруымен «Абайтану» олимпиадасына «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша қатысып, І орынмен марапатталды.
Абай Құнанбаевтың шығармашылығын кеңінен насихаттау мақсатындағы «SUNQAR» Республикалық білім беру орталығының ұйымдастыруымен «Абай оқулары» конкурсына қатысып, ІІ орын иеленді.
Республикалық «Кенгуру» жалпы пәндік интеллектуалдық олимпиадасынан І орын жүлдегері атанды.
Республикалық «Самұрық» математикалық зияткерлік олимпиадасының ІІІ орын Диплом иегері атанды.
І дәрежелі ДИПЛОМ «Республикалық «Жыр алыбы – Жамбыл» конкурсында І орынмен марапатталды.
ДИПЛОМ ІІІ орын Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігінің «АЛТЫН ҰРПАҚ» зияткерлік олимпиадасының жүлдегері атанды.
«Ақ Бота» зияткерлік олимпиадасының жүлдегері ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Диплом І дәрежелі «Кенгуру» ойын-курсының жеңімпазы дипломмен марапатталды.
Диастың осындай жетістікке жеткені өзінің оқуға деген қызығушылығының арқасында. Диас ел болашағы үшін тер төгетін адал азамат болатынына нық сенімдімін.
Copyright © 2021 Everest. Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.
Сайт жобасын дайындаған «ToWeb.kz» компаниясы. Сайтқа тапсырыс беру.
